ҚТЖ басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр
"Қазақстан темір жолы" АҚ (ҚТЖ) басшылығына қатысты 1,5 млрд теңге залал келтіргені үшін тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды KazFace.kz бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
"Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Бас көлік прокуратурасы "ҚТЖ" АҚ басшылығының заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Алдын ала мәлімет бойынша 1,5 млрд. теңгеден астам сомаға залал келген", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін “Жолаушылар тасымалы” филиалының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталғаны белгілі болған. Акционерлік қоғам филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегінен өткен жылдың желтоқсан айына дейінгі аралықта жолаушылар вагондарын жөндеу және жалпы патронаттық қызмет көрсетуші ұйымның пайдасына іс-әрекеттер жасағаны үшін жүйелі түрде ақша алған деген күдікке ілінген.