Жаңалықтар
6-го сентября 2023 г. 10:03
Қостанай облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот 2021 жылғы қаңтарда қарызы 185 млн теңгеден асатын кәсіпкерді банкрот деп таныды. Алайда, кейінірек талдау кезінде әдейі банкроттық белгілері анықталды. Әйел өз жұбайының атына үй, екі жер учаскесін және екі көлік жазғаны белгілі болды.
Қостанай қаласының №2 соты кәсіпкерді ҚР ҚК–нің 238-бабының 1-бөлігі - "Қасақана банкроттық үшін жауапкершілік" қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Ол үш жыл мерзімге коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдық-әкімшілік лауазымдарды атқару құқығынан, оған қоса бес жылға бас бостандығынан айырылды.