Қосшыдан Нұр-Сұлтанға баратын тасжолда автобус пен 11 көлік соқтығысты
Қосшыдан Нұр-Сұлтанға баратын тасжолда автобус пен 11 көлік соқтығысты. Ақпаратты елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол апаты болған жердегі видеолар әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда автобус пен бірнеше көлік зақымдалғаны көрінеді.
Полицейлердің мәліметінше, оқиға күндіз сағат 14.30 шамасында болған.
"Қосшы қаласынан Нұр-Cұлтанға дейінгі тасжолда 12 көлік, соның ішінде автобус соқтығысты. Жол апатына кінәлі тұлғалар метеорологиялық жағдайларға сай жылдамдықты сақтамаған.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Үш адам дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді", - деді департамент өкілі.
Осы оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.
"Тәртіп сақшылары қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге барынша көмектеседі, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", - деді патрульдік полиция полкінің кезекші бөлімінің бастығы Айбек Нартпаев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram