Жаңалықтар
28-го декабря 2022 г. 04:20
"ҚР ТЖМ Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дереккөздің мәліметінше, "BAZIS CONSTRUCTION" – "INFR" ЖШС филиалының директоры Андрея Поплавскийден шамамен 800 мың доллар көлемінде пара алу кезінде "ҚР ТЖМ Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев ұсталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оның ұсталғанын растады.
Бұрын Кәрім Көкірекбаев Жамбыл облысының әкімі болған (2013 - 2018). 2019 жылдың тамыз айынан бастап "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесін басқара бастады. Бұл тағайындауға дейін ол Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметін атқарған еді.