Қоғам

Qaznews24 авторы Темірлан Енсебекке 5 жылға сотталды

Qaznews24 авторы Темірлан Енсебекке 5 жылға сотталды

Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Енсебекке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KazFace.kz.

Сот Темірланға  ұлтаралық араздықты қоздырды деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырмақ. Сонымен қатар, ол белгілі бір қызмет түрлерімен айналысу құқығынан айырылды.

Еске салсақ, Темірлан 2024 жылдың 17 қаңтарында ұсталған болатын. Тергеу органдары оның Instagram парақшасында өзге ұлт өкілдерін қорлайтын, ұлт намысына тиетін мазмұндағы жазба жариялағанын анықтаған. Бұл жазбада бейәдеп сөздер бар музыкалық фон қолданылған. Сараптама қорытындысы мен тергеу материалдары оны кінәлі деп тануға негіз болған.

Сот шешімінде бұл әрекет елдегі ұлтаралық келісім мен тұрақтылыққа қауіп төндіреді деп көрсетілді. Айыпталушы өз кінәсін мойындамады, бірақ сот оны айғақтар негізінде кінәлі деп таныды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.