Спорт әлемі

“Қазақтың болашақ Джоковичі” Нұрланұлы ITF Juniour турнирінде алғаш рет жеңімпаз атанды

“Қазақтың  болашақ Джоковичі” Нұрланұлы ITF Juniour турнирінде алғаш рет жеңімпаз атанды

Жас теннисші 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап 18 жасқа дейінгілер аралығындағы ойыншылардың санатына қосылды. Еуропа теннис қауымдастығының (Tennis Europe tour) “Жылдың үздік шетелдік ойыншысы” ретінде, жүзден жүйрік мықты 3  теннисшінің қатарында енді, деп хабарлайды KazFace.kz. 

14 жасар Заңғар Нұрланұлы Европада, Словакияның  Трнава қаласында өткен ITF Juniours турнирінде бәйгеден озып, жеңімпаз атанды.

Еліміздің 14 жасқа дейін “бірінші ракеткасы” TC Empire Trnava теннис комплексінде өткен матчта қарсыласы Данил Балашакты 6:4; 3:6; 6;2 ұпайларымен ұтты.

Занғар KazFace.kz тілшілеріне арнайы сұхбат беріп, өз әсерімен бөлісті. Оның айтуынша, бастапқыда рейтингі 2000 ұпайдан төмен болғанын, кейін жеңістен соң 800-ге көтерілген. Бұл оның 18 жасқа дейінгілер арасындағы алғашқы жеңісі. 

Негізінен матч өзінің қиындығымен ерекшеленді, себебі жарысқа қатысқан ойыншылар Европалықтар, бойлары биік, жастары менен үлкен, бірақ ITF Juniour санатында алғаш рет жеңімпаз атанғаным үшін өзіммен мақтанамын!- деп бөлісті чемпион.

Заңғар Нұрланұлы – Қазақстан тенисшілерінің ішіндегі болашағы зор ойыншылардың бірі. Бұған дейін Еуропадағы жарыстарда 14 жасқа дейінгілер арасында үздік үштікте болған, барлығы бес титулді жеңген талантты спортшы.

Концентрация қайда болса, сол жерде энергия, энергия қайда болса, сол жерде нәтиже де болады - дейді Заңғар Нұрланұлы. 

Заңғардың болашағына тек жеңістер және шыдамдылық тілейміз. Жеңістерің көп болсын, чемпион!!!

Фатима ЕРІМБЕТ, Мерей ӘМІРТАЙ