Жаңалықтар

Қазақстанға бір тоннадан астам гүл әкелінді

Қазақстанға  бір тоннадан астам гүл әкелінді

Қаңтар мен ақпан айларында Қазақстанға 8,5 миллион долларға бір тоннадан астам гүл әкелінді.

«2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға құны 8,5 миллион доллардан астам бір тоннадан астам гүл әкелінді»  деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК).

Жазбада 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға 8,5 миллион долларға 1,1 тонна гүл әкелінгені хабарланған.

Ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы гүлдер  импорты  41,4 млн долларды, ал салмағы 5,8 мың тоннаны құраған.

Комитет мәліметінше, қаңтар-ақпан айларында салмағы 724 тонна, құны шамамен 6 миллион доллар болатын раушан гүлдері, 883 мың долларға хризантема – 97 тонна, қалампыр – 165 мың долларға – 28 тонна, лалагүл – 178 мың долларға әкелінген.

Гүлдер Нидерланды, Бельгия , Германия, Эквадор, Литва, Колумбия және басқа елдерден жеткізілген.

Сондай-ақ, 2021 жылы Қазақстан 71 мың долларға негізінен 17,8 тонна раушан мен лалагүлдерді экспорттаған.