Жаңалықтар
1-го марта 2023 г. 09:13
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "2023 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Демалыс күні 2023 жылғы 1 шілде сенбіден 2023 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылсын, – делінген құжатта.
Министрліктің түсіндіруінше, демалыс күнін ауыстырудағы мақсат "демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану".
Сонымен Қазақстан халқы Астана күні 2 күн қатарынан 6, 7 шілдеде демалады.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндерге 8 және 9 шілдеде (сенбі және жексенбі) тағы екі демалыс күні қосылады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндерге жексенбіге бір демалыс күні қосылады.
Құжат 15 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.