Спорт әлемі

Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында рекордтық көрсеткішпен алтын жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында рекордтық көрсеткішпен алтын жеңіп алды

Чангвон қаласында (Оңтүстік Корея) оқ атудан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KazFace.kz 

Чемпионатта оқ атудан Қазақстанның қыздар командасына тең келер ешкім болмады. Олар финалда Украина өкілдерінен озып, жеңіске жетті.

Ел намысын қорғаған апалы-сіңлілі Зухра мен Фатима Ирназаровалар және Александра Сәдуақасова жеңісті қанжығасына байлады. Қазақстандық атқыштар триосы бұл жарыста ересектер арасында әлемдік рекорд орнатты (1686 ұпай).

Украиналық атқыштар триосы қазақ жігіттерін кезек-кезек ұтып, жасөспірімдер арасында үздік атанды. Біздің командада Асадбек Назирқұлев, Илья Зотеев және Даниил Яковенко болды.

Қазақстандық спортшы Фатима Ирназарова 2023 жылғы әлем чемпионатында жекелей сында алтынын күміспен толықтырып, пневматикалық мылтықтан қозғалатын нысанаға атудан екінші болды. Ол финалда украиналық Маргарита Тарканиден жеңіліп қалды - 6:4. Дегенмен, Фатиманың іріктеу турнирінде жинаған 572 ұпайы жасөспірімдер арасындағы әлемдік рекорд екенін естеріңізге саламыз.

Сондай-ақ Александра Сәдуақасова қола жүлде үшін белдесуде украиналық Алина Ткаликтен жеңіліп қалды. Ал Никита Чирюкин 25 метрден (572 ұпай) тапаншадан ату бойынша күміс медальді иеленді. Ол тек жарыс қожайыны Сук Джин Хунға (578 ұпай) есе жіберді.

Қортындылай келе, Қазақстанның жасөспірімдері 2023 жылы Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан әлем чемпионатында осыған дейін 6 медаль жеңіп алды.