Қазақстандық 40 спортшы допингпен ұсталды
Жыл басынан бері 40 отандық спортшының қанында тыйым салынған заттар табылды, деп хабарлайды KazFace.kz
Азия чемпионатының қола жүлдегері Саматәлі Толтаев анаболикалық стероид болып табылатын оралтуринаболды қолданғаны үшін шеттетілгені белгілі болды. Ал Серік Абзал метастеронды қолданғаны үшін ұсталды.
Допингке қарсы ұлттық орталықтың директоры Майра Бакашева допингті қолдану анықталған кезде спортшылар бұл фактіні мойындағанын растады.
"Командаға бас бапкер Мырзағали Қауланұлы Айтжанов оралғанда, бірінші кезекте ол қандай спортшылармен жұмыс істейтінін анықтағысы келді. Сондықтан ол спортшылардың қанындағы допингті тексеруін сұрады. Нәтижесінде біз допингті қолданудың 2 оң жағдайын көрдік. Спортшылар допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін өз кінәсін мойындап, салдарымен келісті. Сондықтан оларға санкция 1 жылға қысқартылды және бұл спортшылар 3 жылдан кейін спортқа оралады", – дейді Майра Бакашева.
Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры өз спортшыларымен болған оқиғаға түсініктеме берді.
"Серік Абзал жалпы болшағы зор жас спортшы. Оны келесі Олимпиада ойындарына қатыстырмақ ойымыз болған. Федерациядан олар қосымша дәрумендер қабылдап жүрген.
Менің ойымша, ағаттық осы жерден кетіп отыр. Спортшылардың өзі кейбір дәрумендерді қолданғаннын растап отыр. Ал сол дәрумендердің лицензиясы жоқ екені анықталып отыр"-деп Маратбек Мықтыбеков.
Атап өту керек тыйым салынған дәрі-дәрмектердің тізімі жыл сайын жаңартылып отырады. Мәселен, бұдан бірнеше жыл бұрын барлық спортшылар ішкен дәрумендер немесе диеталық қоспалар бүгінде дисквалификацияға ұшырау үстінде.