Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Бүгін Қазақстанның оңтүстік аймағында Алматы уақытымен 19:02-де жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-не сілтеме жасап KazFace.kz.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай Қазақстан аумағында 628 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,7. Магнитудасы MPV 5,4. Эпицентр координаттары – солтүстік ендік 42,72° және шығыс бойлық 69,24°. Тереңдігі – 5 км. Шымкенттегі жер сілкінісі 2-3 баллдық болған», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Түркияда 7,5 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан мыңдаған ғимарат қирап, соңғы мәлімет бойынша 1014 адам көз жұмды. Сондай-ақ жерасты дүмпулері Ливия мен Сирияда да болды. Табиғи апат салдарынан Сирияда 230-дан астам қаза тапты. Тағы 639 адамның жарақат алғаны хабарланды.