Қазақстанда уақыт белдеуі ауысады
Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізілетін болды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бұған дейін ғалымдар мен сарапшылардың қызу талқысында болған мәселеге Сауда және интеграция министрлігі нүкте қойды.
Қазір тиісті түзетулер жобасы дайындалды. Енді 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады, - деді министрлік.
Осылайша, еліміздің барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуде орналасады.
Мысалы Қостанайда жазда 11-ге дейін күн батпайды. 11-ден кейін ғана 12-ге жақын күн бата бастайды. Бірыңғай белдеу болғасын басқару және экономикалық жақтан оң әсер етеді. Екінші жақтан денсаулыққа оң әсер етеді», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еркін Әбіл.
Айта кету керек, қазір Қазақстан Республикасының аумағында уақыт екі әкімшілік уақыт белдеуінде есептеледі: 4-ші (БҚО, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) және 5-ші (Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан және басқа да облыстар).