Жаңалықтар

Қазақстанда орташа зейнетақы қанша?

Қазақстанда орташа зейнетақы қанша?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы төлемінің орташа мөлшерін атады.

«2022 жылғы 1 сәуірдегі базалық зейнетақы төлемін ескере отырып жасалған есепте  зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері - 105 344 теңге», – делінген министрліктің хабарламасында.

Аталған уақыттағы есеп бойынша елімізде зейнеткерлер саны 2 миллион 245,6 мың адамнан асады.

1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 704,9 миллиард теңгеден астам зейнетақы төленген.

Наурызда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,8 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,4 миллиард теңге жұмсалған.