Жаңалықтар

Қазақстанда оқу жылын бір айға ұзартып, каникулды қысқарту ұсынылды

Қазақстанда оқу жылын бір айға ұзартып, каникулды қысқарту ұсынылды

BI-Group құрылыс холдингінің меценаты және басшысы Айдын Рахымбаев пилоттық жобаны өзінің Binom мектептерінде сынап көрмек, деп жазады sputnik.kz.

34 аптаның орнына балалар 38 апта оқиды. Мұндай эксперимент Білім министрлігінің келісімімен жасалмақ. Рахымбаев Қытай, Корея елдерінде оқу 42 аптаға, Сингапурде – 39 аптаға созылатынын атап өтті.

«Ал Қазақстанда әлі күнге дейін посткеңестік білім беру жүйесі сақталып отыр, оқу мерзімі – 34 апта. Яғни, егер кореялық оқушылар демалысы 70 күнге созылса, біздің балаларымыз 120 күн бойы бос жүреді. Осылайша, біз жыл сайын 1-1,5 айлық оқу мерзімін жоғалтамыз», - деді ол.

Егер пилоттық жоба сәтті болса, оқу жылы барлық мемлекеттік мектептерде ұзартылуы мүмкін. Бірақ бұл үшін оқу бағдарламасын қайта қарау керек.