Жаңалықтар

«Қазақстанда кедейлік шегі Нигерия мен Ангола деңгейінде» - депутат

«Қазақстанда кедейлік шегі Нигерия мен Ангола деңгейінде» - депутат

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстанның кедейлік шегі әлемдегі ең төменгі деңгейдің бірі екенін және Нигерия, Ангола, Венесуэла және Габон деңгейінде екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәжілісмен премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады. Ол Қазақстанның басты әлеуметтік проблемаларының бірі халықтың үлкен бөлігінің кедейлігі екенін айтты.

"Дүниежүзілік банк әлемдегі  кедейліктің екі шегін қарастырған: табысы орташадан төмен елдер үшін  күніне бір адамға 3,2 АҚШ доллары,  табысы орташадан жоғары елдер үшін  5,5 АҚШ доллары. Ал Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 2,8 доллар, Ресейде күніне 6 доллар", - деді Саиров.

Оның айтуынша, 2021 жылы табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар саны - ресми түрде 998 мың адам болған. Ал бейресми сарапшылар бұл көрсеткіштің 1,5 млн, одан да жоғары екендігі айтылады.

"Ішкі жалпы өнімнің еселеп өсуіне қарамастан, Қазақстан ондаған жылдар бойы, кедейлік шегін көтермей келеді. Бүгінде Қазақстан ең төменгі күнкөріс деңгейі әлемдегі ең төмен елдердің бірі және Нигерия, Ангола, Венесуэла, Габон сияқты елдердің деңгейінде тұр. Ал Еуропалық  елдерде кедейлік орташа табыстың 60 пайыз деңгейінде белгіленеді", - деді ол.

Сонымен бірге, пандемия басталғаннан бері  тұрмысы төмен үй шаруашылықтарының қаржысына нұқсан келтіретін инфляцияның өсуіне байланысты әлеуметтік төлемдердің тиімділігі төмендеді, деді ол.

"Мысалы, Қазақстанда халықтың ең аз қамтылған 40 пайызы өз бюджетінің 59 пайызын азық-түлік өнімдеріне жұмсайды. Кей кездері бұл көрсеткіш одан да жоғары. Елімізде азаматтардың  төмен әлеуметтік жағдайының екі индикаторы бар - ең төменгі күнкөріс шегі және кедейлік шегі. Кедейлік шегі, ең төменгі күкөріс шегінің, яғни 36 мың теңгенің 70 пайызы.

Бұл ертедегі Үкіметтердің халыққа ақшаны аз төлеу үшін істеп қойған "қулығы". Яғни, әлеуметтік көмек алғың келсе, "сіңір кедей" болуың керек! Осы тавталогияның нәтижесінде, 2020 жылы бағаның тұрақты өсуіне байланысты әлеуметтік көмекке  сұраныс өсіп, зәру адамдардың саны артса да, атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылған адамдардың саны азайған. Бұл фактор  өз кезегінде зәру азаматтардың әлеуметтік жағдайын мүлдемге тұралатып жіберді", - дейді Саиров.

Депутат бұл фактор аз қамтылған азаматтардың әлеуметтік жағдайын толығымен тұрақсыздандырды деп санайды.

"Nur-Otan партиясының фракциясы кедейлікпен күресу үшін Үкімет мынадай шаралар қарастыруы қажет деп есептейді.

Елдегі жалпы ішкі өнім деңгейіне, халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстанда кедейлік шегін арттыру. Қоғам ішіндегі кедейлік туралы көзқарасқа сәйкес келетін, кедейліктің жаңа анықтамасын енгізу. Ең төменгі күнкөріс шегі мен кедейлік шегін біріктіре отырып, ең төменгі күнкөріс шегін арттыру. Екі ең төменгі жалақы мөлшерінде табыс алатын азаматтарды жеке табыс салығынан босату. Ең төменгі жалақыны жыл сайын индексациялау мәселесін шешу. Ең төменгі жалақы алатын азаматтардың жұмыссыздық бойынша сақтандыру сомасын арттыру арқылы сақтандыру жүйесін жетілдіру", - деді ол.