Спорт әлемі

Қазақстан Азия ойындарында рекорд жаңартты

Қазақстан Азия ойындарында рекорд жаңартты

Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 19-шы жазғы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы бірден 10 түрлі жүлдеге ие болды, оның үшеуі - алтын медаль, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұған дейін турнирде Қазақстан бір күнде тоғыз жүлдеден артық ұтқан жоқ болатын. 

Рекорд жаңартып медаль алған спортшыларымыз: 

"Алтын": 

  • Евгений Федоров - велоспорт
  • Нұрқанат Ажиканов - каратэ
  • Нұржан Батырбеков - (джиу-джитсу)

"Күміс": 

  • Карина Ибрагимова - (бокс)
  • Қамшыбек Құнқабаев -(бокс)
  • Алексей Луценко - велоспорт
  • Лаура Аликул - каратэ

"Қола": 

  • Мансур Хабибулла - (джиу-джитсу)
  • Алдияр Серік - (джиу-джитсу)
  • Әлімхан Сыздықов - күрес

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында 57 медаль бар: 8 алтын, 12 күміс және 37 қола жүлде.