Қазақ тілін үйрететін онлайн сөздік іске қосылды
Қазақ тілін өздігінен меңгергісі келетіндірге жақсы жаңалық. Қазақстандық IT саласының мамандары тіл үйренуге мүмкіндік тудыратын қазақ сөздігін іске қосты, деп хабарлайды KazFace.kz
Мамандар тіл үйренуге өте пайдалы www.kashgari.kz қазақ сөздігін іске қосты. Мәселен, белгілі бір сөзді іздеу кезінде пайдаланушыларға оның орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармалары, анықтамасы және қолдану мысалдары ұсынылады.
Сондай-ақ пайдаланушы жүктелген мәтіндерді оқи отырып, түсінбеген сөздерді сайттағы гиперсілтеме арқылы түсініп, үйрене алады.
Біздің команда жақында құрылғанына қарамастан, аз уақыт ішінде біз осындай жобалармен жұмыс істеуде үлкен тәжірибеге ие болдық және сонымен қатар тіліміздің барлық ерекшеліктерін игеріп, білімімізді толықтырдық. Қазіргі уақытта www.kashgari.kz жобасы әлі толық аяқталған жоқ және сол себепті біз шағын fundraising-ті жариялаймыз.
Біздің мақсатымыз – жылдың соңына дейін деректер базасын 8 000 сөзге дейін ұлғайту, сайттағы түсінбейтін сөзге бағыттайтын сілтемелердің пайызын арттыру және сайтымыздың оқу бөлімін кеңейту үшін сайтқа танымал қазақ ертегілері мен әңгімелерінің түрлі мәтіндерін қосу, - дейді жобаның авторлары.
Жобаны жүзеге асыру үшін 7 адам еңбектенді. Олар: Бурамбаев Тамерлан, Шатохин Даниил, Сұлтанов Әлімжан, Ерзатұлы Әмірлан, Доненбаев Қайдар, Қанат Арлан және Исабеков Елнұр. Сонымен қатар сөздіктің негізгі базасын құрастыруға атсалысқан азамат қазақ тілінің мұғалімі - Нұржан Елеубайұлы.