Жаңалықтар

Қарағандыда түлектерге қате толтырылған аттестат берілген

Қарағандыда түлектерге қате толтырылған аттестат берілген

Қарағандыда түлектерге берілген аттестаттан қате табылған. Мұнда облыс атауында артық «А» әріпі қосылып кеткен. Түлектер аттестаттың қате толтырылғанына наразы, себебі құжатты жоғарғы оқу орындары қабылдамас еді дейді, деп хабарлайды  Astana арнасы. 

Аттестаттағы облыс атауы "Караганадинский" деп қате жазылған. №25 мектептің түлектері қатені байқап, білім ордасына ескерткен. 

Бұл жағдайдан кейін пікір білдірген қалалық білім басқармасы техникалық қатені мұғалім жібергенін мәлімдеді. Ал ата-аналардан қатаң сынға алмауын сұрады. Қате толтырылған 22 аттестатты бір күнде ауыстырып берген.