Жаңалықтар

Қарағанды филармониясы ресейлік әнші Лариса Долинаға концерт өткізу үшін сахна алаңын ұсынудан бас тартты

Қарағанды филармониясы ресейлік әнші Лариса Долинаға концерт өткізу үшін сахна алаңын ұсынудан бас тартты
Қарағанды қаласы концерттік бірлестігі ресейлік әнші Лариса Долинаның концертін өткізу үшін сахна алаңын ұсынудан бас тартты.
 
Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі (филармония) басшылығы ресейлік әншінің шақырылуына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
 
“Мұндай шараларды коммерциялық құрылымдар ұйымдастырады. Дәл қазіргі уақытта Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі мен ұйымдастырушылар арасында Л.Долинаның цирк ғимаратында концерт өткізуі жайлы екіжақтық келісімді растайтын құқықтық құжат жоқ. Жарнамада осы іс-шараны өткізу және ұйымдастырушылар туралы жалған ақпарат бар”, – делінген хабарламада.
 
Сондай-ақ филармония бірлестігі Қарағанды облысы тұрғындарының қарсылығына байланысты Долинаның концертін өткізу үшін сахна алаңын беруге жасалатын келісімшартқа қол қойылмайтынын хабарлады.