Жаңалықтар

Қандас мәртебесін онлайн алуға болады

Қандас мәртебесін онлайн алуға болады

Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту мемлекеттік қызметтері енді eGov.kz порталында қолжетімді болды. Ол үшін өтініш берушілердің ЖСН және электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы шарт деп хабарлады turkystan.kz.

Қызметті алу үшін өтініш беруші барлық міндетті сауалдарға жауап беріп, сұратылған құжаттарды қоса беруі қажет. Файлдар pdf немесе jpg форматында болуы керек.

Өтінім берген кезде пайдаланушы қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қажет отбасы мүшелері бойынша да мәліметтерді толтыра алады. Отбасы мүшелерінің саны шектеусіз. Одан әрі қолжетімді тәсілдердің бірімен цифрлық қолтаңбамен қол қою қажет.

Ұсынылған деректер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелері арқылы тексеріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 4 жұмыс күні. Өтініште ұсынылған құжаттар мен мәліметтер дұрыс болмаған жағдайда, пайдаланушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

Нәтижелер электрондық құжат түрінде пайдаланушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.