Жаңалықтар

Қайрат Құдайберген кепілақыға 3 көлік берсе де, 1 айға қамалды

Қайрат Құдайберген кепілақыға 3 көлік берсе де, 1 айға қамалды

Бүгін тергеу соты Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді 1 айға қамауға алды.

Бұл туралы оның адвокаты Мұрат Амитов жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

Адвокаттың айтуынша, олар Қайрат Құдайбергенге нақты қандай айып тағылғанына қатысты сұраққа жауапты сотқа дейінгі тергеу органдарынан 3 күн бойы күткен.

Бүгін тергеу соты күдікті деп танылған Қайрат Құдайбергенді 1 айға қамауға алды. Алайда оның әрекетін тексеру туралы қаулы әлі шықпады. Біз кепіл ретінде 3 автокөлік ұсынып, тек үйқамаққа алуды сұрадық. Бірақ сот уәжімізді тыңдамады, - дейді Мұрат Амитов.

Еске салсақ, Алматы қалалық мәслихатының депутаты әрі кәсіпкер Қайрат Құдайберген осыған дейін уақытша ұстау қапасына қамалған еді.