Жаңалықтар

Қайрат Боранбаев түрмеден босатылды

Қайрат Боранбаев түрмеден босатылды

Ақмола облысының соты кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың түрме жазасын бостандықты шектеу жазасына алмастырды, деп хабарлайды KazFace.kz. 

Ол пробация бақылауында болады. Соттың хабарлауынша, жазаны алмастыру кезінде бірнеше фактор ескерілген:

Боранбаев жазасының үштен бірін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеген (тергеу изоляторындағы бір күн колониядағы 1,5 күнге тең);

Ол мемлекетке келтірген шығынды толтырып, тергеу органдарымен әріптестік орнатқан, әрекетіне өкінген;

Қамауда болған кезде жақсы жағынан көрінген.

Биыл қыркүйекте Астана қаласының апелляциялық соты Боранбаевтың мүлкін тәркілеп, алты жылға соттап, жалпы режимдегі колонияға жіберген. Оның алдындағы сот оны "ірі көлемде бөтеннің мүлкін иемденді", "қылмыстық жолмен алынған ақшаны жымқырды" деп танып, 8 жылға соттаған.

Жуырда мемлекеттік органдар Боранбаев мемлекетке ірі активтерін қайтарғанын хабарлаған. Арасында Астанадағы қонақ үй кешені, фитнес-орталықтар, мұнай өндіру компаниясы, Қазақстанның батысындағы мұнай кеніші бар. Кәсіпкер "елдің білім беру саласындағы инфрақұрылымын қолдауға 30 млрд теңге бөлгені" хабарланған.

Айта кету керек, Боранбаевтың қызы Әлима Боранбаева экс-президенттің жиен немересі Айсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шыққан. Ол 2022 жылы наурызда "квазимемлекеттік сектордан ірі көлемде ақша жымқырды" деген күдікке ілінген. Оған QazaqGaz ұлттық компанияның газын сату бойынша келісімнен түскен шамамен 14,6 млрд теңге қаражатты жымқырды деген айып тағылған.