Жаңалықтар

Қайрат Боранбаев мемлекетке 66 млн доллардан астам қаражат қайтарып берді

Қайрат Боранбаев мемлекетке 66 млн доллардан астам қаражат қайтарып берді

Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА

Бизнесмен Қайрат Боранбаев шетелден қайтарылған 66 млн доллардан астам ақшаны мемлекетке қайтарып берді, деп хабарлайды KazFaсe.kz. ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Қайрат Боранбаевқа қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу аясында айыпталушы тергеумен ынтымақтастық туралы ерікті ниет білдірілді, делінген хабарламада. 

Қ.Боранбаевтың компаниялары шетелден қайтарылған қаражат есебінен білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн доллардан астам қаражат аударды, бұл 30 млрд теңгені құрайды, - деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов. 

Әлібек Әбділовтің айтуынша, қордан алынған бұл қаражат қолданыстағы заңнамаға сәйкес бүкіл ел бойынша білім беру, мектептер мен басқа да оқу орындарын, әлеуметтік саланы салу және реконструкциялау саласын қолдауға бағытталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Боранбаев табиғи газ импорты кезінде қаражатты ұрлау фактісі бойынша тергеу аясында 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық залалды өтеген болатын.