Путин Ресейдің соғысты қаламайтынын айтты
Ресей президенті Владимир Путин Батыспен одан ары жалғасатын диалогта Мәскеу үшін маңызды мәселелер ескерілетініне үміт артатынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz
Ресей соғысты қаламайды, сондықтан Мәскеу АҚШ пен НАТО-ға қауіпсіздік кепілдіктері бойынша ұсыныстарды алға тартады, - деді Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде өткен Германия канцлері Олаф Шольцпен келіссөздердің қорытындысы бойынша, деп хабарлайды РБК.
Біз мұны қалаймыз ба, жоқ па? Әрине, жоқ. Сондықтан да біз келіссөздер процесі туралы ұсыныстар жасадық, оның нәтижесі барлығының теңдей қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы келісім болуы керек, соның ішінде біздің елдің де, - деді Путин.
Ресей президенті Владимир Путин Батыспен одан ары жалғасатын диалогта Мәскеу үшін маңызды мәселелер ескерілетініне үміт артатынын жеткізді.
Сондай-ақ Путин өз дәуіріндегі адамдарға Еуропадағы ауқымды соғысты көз алдына елестету қиын екенін айтқан Шольцтың сөзіне тоқталды.
Бұл Украинаның айналасындағы жағдайға қатысты айтылған сөз. Бірақ өзіңіз екеуміз НАТО-ның Югославияға қарсы ашқан Еуропадағы соғысының куәсі болған едік. Еуропа елдерінің бірінің астанасы - Белградқа әуеден жасалған бомбалаушы соққылар түріндегі ірі әскери операция. Солай болды емес пе?.. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясынсыз-ақ. Әрине, мұны мысал ету жақсы емес, бірақ солай болған, - деді Владимир Путин.
Шольц Украинаның айналасында әскери күш эскалациясын ыдырату қажеттігін, соғысқа жол бермеу керектігін айтты.
Германия канцлері Украинаның жағдайын Югославиядағы соғыспен салыстыруға болмайтынын айтты, өйткені ол арада геноцид қаупі болғанын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Путин Донбаста болып жатқан жағдайды "геноцид" деп атады.