Билік
17-го февраля 2025 г. 20:30
Мемлекет басшысы бүгін тиісті өкімге қол қойып, Руслан Желдібайды жаңа қызметке ресми түрде тағайындады,деп хабарлайды KazFace.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратта Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды делінген.
Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып қызмет атқарды.