Президент Тоқаев жаңа сенаторларды тағайындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат депутаттарын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сенат Қазақстан Республикасының әрбір облысынан, республикалық маңызы бар қаласынан және астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Бұл сайлауда 17 облыс пен Астана, Алматы және Шымкенттен 20 депутат сайланады.
Бұдан бөлек 10 сенаторды Президент тағайындайды. Оның 5-ін Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынады.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: Жақып Қажманұлы Асанов; Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев; Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп; Ләззат Молдабекқызы Қалтаева; Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды.
Ал, Президенттің жеке Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясынан Сенат депутаттары: Болгерт Евгений Андреевич; Кузиев Закиржан Пірмұхамедұлы; Ниязова Нурия Исмагиловна; Сатвалдиев Әлішер Ғапыржанұлы; Шиповских Геннадий Геннадьевич.
Еске сала кетейік, Жарлық қол қойылған күннен күшіне енеді. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі алты жылды құрайды. Сайланған сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады.
Авторы: Жадыра МАЖИБАЕВА