Жаңалықтар

Президент Тоқаев Байбекке алғыс айтты

Президент Тоқаев Байбекке алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке алғыс айтты.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары лауазымындағы көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты", - деді Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне 2019 жылдың маусымында тағайындалған болатын.

Бауыржан Байбек - 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында туған. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гете институтын (Бремен қаласы, 1995) "Неміс тілі"; "Болашақ" бағдарламасы бойынша Любек қаласындағы Жоғары мектепті (ГФР, 1998) педагог; Орталық Азия университетін (2002) халықаралық экономист мамандықтары бойынша бітірген.

"Нұр Отан" ХДП мүшесі (2002 жылдан). 1999 жылдан - Майндағы Франкфурт қаласы ҚР Бас консулдығының референті, атташесі - ГФР-дағы ҚР Елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин қаласы). 2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы. 2003 жылдан - ҚР Президенті Хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі, 2004 жылдан - бас инспекторы, 2006 жылдан - хаттама жетекшісі. 2009 жылдың тамыз айынан бері - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.

ҚР Президентінің халықаралық "Болашақ" стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы кеңесінің (2008 жылдан); Қазақ гуманитарлық заң университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) төрағасы.