Билік

Президент: “Әскерде темірдей тәртіп болу керек”

Президент: “Әскерде темірдей тәртіп болу керек”

Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты. Бұл туралы мемлекет басшысы кезекті жолдауында айтты, деп хабарлайды  KazFace.kz.

Ол әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы айрықша маңызды міндет екенін атады.

Жастар әскерге отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты, - деді Президент.