Президент Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Ұлттық құраманы қолдауға барды
2024 жылғы Eуропа чемпионатына іріктеу аясында өткен Қазақстан мен Солтүстік Ирландия арасындағы ойынды тамашалауға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Сонымен қатар, футболшыларды қолдауға танымал боксшы Геннадий Головкин, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин, әнші Димаш Құдайберген келді.
"Астана Арена" стадионында өткен кездесуде 3:1 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.
Матчтағы алғашқы голды ойынның 18-минутында отандасымыз Ислам Чесноков соқса, екінші тайм бастала сала, 51-минутта қарсылас қақпасына екінші голды Ислам Чесноков кіргізді.
Ойынның 60-минутында Сан Марино құрамасының ойыншысы Қазақстан қақпасына қарымта гол соғып, есепті 2:1 жеткізді.
Қазақстан құрамасы матч соңында пенальти теуіп, есепті 3:1-мен аяқтады. Гол авторы - Абат Айымбетов.
Айта кету керек, ойынды тамашалау үшін стадионға 30 мыңнан астам жанкүйер жиналды. Қазақстан құрамасының келесі кездесуі үш күннен соң Словения командасымен өтеді.