Президент "Батыл тойтарыс - 2023" командалық-штабтық әскери оқу-жаттығуларына қатысты
Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы "Батыл тойтарыс - 2023" әскери оқу-жаттығу жиынына қатысты, деп хабарлайды KazFace.kz. Ақордаға сілтеме жасап.
Президент оқу іс-қимылдарының барысын бақылау мұнарасынан жеке бақылады.
Бригадалық тактикалық топтар әуе қолдауымен, сондай-ақ құрлық әскерлерінің, авиацияның және арнайы операциялар күштерінің бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, су кедергісін еңсере отырып, қарама-қарсы жағалауда жаудың тағайындалған шекарасын басып алу бойынша тактикалық іс-қимылдарды пысықтады.
Ауқымды оқу-жаттығу барысында бірден бірнеше сценарий бойынша жұмыстар жасалды. Кіріспе деректерге сүйенсек, террористер тобы Қапшағай ГЭС-ін "басып алды".
Қарулы Күштердің құрамалары жаудың бекіністі аймағынан шығарып, кепілге алынғандарды босатып, техногендік апаттың алдын алды.
Сондай-ақ, осындай объектілерде авария болған жағдайда құтқару шаралары - аумақты химиялық қорғау және тазарту жөніндегі іс-қимылдар жасалды.
Тапсырманы орындау үшін жеке құрам мен техниканы ауқымды тасымалдау жүзеге асырылды, сондай-ақ әртүрлі әскер тектерінің өзара әрекеттесу алгоритмдері пысықталды.
Айта кетейік, оқу-жаттығуларына Қазақстан қорғаныс күштерінің 2 мыңнан астам әскері қатыстырылды, 600-ден астам түрлі техника әкелінді.