Полиция бастығы мас күйінде азаматты пышақтап кетті
Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА
Әлеуметтік желілерде құқық қорғау органдарының екі қызметкері Ақтау қаласының түнгі клубтарының бірінде төбелес бастағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Маңғыстау облысының полиция департаментінде бұл фактіні растады, ҚР ҚК 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс тергелуде.
"Ақтау қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы мас күйінде 1996 жылы туған азаматты пышақпен жарақаттаған. Төбелесті бастаған Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасының командирі болған. Ол әріптесін сөзбен қорлап, жәбірленушінің бетіне бірінші болып соққы берген. Нәтижесінде полицейлер қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, кезекші экипажды шақырып, оқиға орнынан қашып кеткен", - делінген тараған хабарламада.
Маңғыстау облысының полиция департаментінде күдіктілердің аты-жөні мен лауазымдарын ашудан бас тартты. Сондай-ақ ведомствода төбелес кезінде пышақтың қолданылғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер Ішкі істер органдарынан босатылды. Сонымен қатар, төбелесте үстел пышағы қолданылғандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделетінін түсіндіреміз", - делінген полиция ведомствосының хабарламасында.
Айта кетейік, ақпарат бойынша, екі қызметкердің де ұсталмағаны белгілі. Олар ешқайда кетпеу туралы жазылымда.