Қоғам

Перизат Қайраттың "Biz birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігі таратылды

Перизат Қайраттың "Biz birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігі таратылды

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің "Biz birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігін тарату туралы талабын қарады, деп хабарлады Kazface.kz.

Сот материалдарына сәйкес, бірлестік 2021 жылы тіркелген. Құрылтайшылар тізімінде 10 адам көрсетілгенімен, сараптама нәтижесінде олардың 9-ының орнына Перизат Қайраттың өзі қол қойғаны анықталды.

Азаматтық кодекстің 49-бабына сәйкес, құрылтай кезінде жойылмайтын заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, заңды тұлға сот шешімімен таратылуы мүмкін. Осыған байланысты сот бірлестікті мәжбүрлі түрде жабу туралы шешім шығарды.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.