Жаңалықтар

Отандық шприц өндіретін зауыт жабылуға шақ қалды

Отандық шприц өндіретін зауыт жабылуға шақ қалды

Атыраудағы отандық медициналық шприц шығаратын зауыт жабылуы мүмкін, деп хабарлайды KazFace.kz. 

Зауыт директорының айтуынша, медициналық мекемелер бағаның айырмашылығына байланысты шприцтерді шетелден сатып алады. Өз елінде отандық өнімге қолдау көрмеген зауыт экспортпен жұмыс істеуге мәжбүр. 

- Бүгінгі таңда жеткізілімнің 95%-ы ТМД елдеріне жеткізіледі. Онда тендерлерге қатысуға тура келеді. Бұл, әрине, шет елде қиын. Олар жергілікті өндірушілерінен көбірек тапсырыс береді. Сол себепті, біз көп шығынға батудамыз. Мемлекет тарапынан көмек болмаса жабылуымыз әбден мүмкін, - дейді зауыт директоры Аслан Қабдуллин. 

 Жергілікті билік бұл жағдай туралы хабардар, бірақ оған әсер ете алмайтындарын айтады.

- Біз бұл мәселені шеше алмаймыз. Бұл жайт "СК Фармация" компаниясы мен Денсаулық сақтау минстрінің қарамағына қарайды. Олар мәселенің мән-жайын қарастырып, шешім қабылдаулары керек, - деді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев. 

Аталған зауыт нарықта 13 жыл жұмыс істеп келеді. Мұнда жылына 160 миллионға дейін өнім шығарылады. Кәсіпорында барлығы 160-қа жуық адам еңбек етеді. Егер зауыт жабылса қаншама адам жұмыссыз қалады.