Жаңалықтар

«Орындарыңа басқа адамдар келсін»: Мәжіліс төрағасы Үкіметке шүйлікті

«Орындарыңа басқа адамдар келсін»: Мәжіліс төрағасы Үкіметке шүйлікті

Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов министрлер кабинетінің  ресми жауаптарына қанағаттанбайтынын айтты. Мәжіліс төрағасының айтуынша, Үкімет мүшелері тек қағазда көрсетілген анықтамаларды оқумен ғана шектеледі. 

"Мен кейбір министрлік өкілдеріне ескертпе жасайын деп едім. Пленарлық отырысқа дайындалып келу керек. Қол астыларыңыздағы адамдардың жазып берген анықтамасын бұл жерде оқу қажет емес. Бұл сұрақтардың барлығы жұмыс тобының отырысында және комитеттің отырысында талқыланды. Ал бұл жерге келгенде сіздер оны бес саусақтай біліп тұруларыңыз керек. Мен Үкіметтің өкіліне де осы ескерту айтамын, Премьер-министрге жеткізіңіз. Егер де осы жерде министрліктің дайын емес өкілдері болса, орындарына басқа адамдар келсін", - деп ескерту жасады Мәжіліс төрағасы.