Оңтүстік Кореяда жеке деректер ұрланды
Оңтүстік Кореяның ең ірі интернет-ритейлері Coupang 33,7 миллион клиентінің жеке деректері желіге тарағанын The Korean Times растады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Компанияның мәліметінше, хакерлік шабуыл шамамен бес ай бұрын басталған. Тергеу барысында күдікке компанияның бұрынғы қызметкері ілінді. Ол — Қытай азаматы, қазір Кореядан кетіп қалған. Бұл тергеуге кедергі келтіруі мүмкін.
Coupang утечкаға клиенттердің аты-жөні, электронды поштасы, жеткізу мекенжайы және сатып алу тарихы кіргенін айтты. Алайда төлем деректері мен жүйеге кіру құпиялары қауіпсіз қалған. Компания клиенттерге өзін Coupang ретінде таныстыратын күмәнді қоңыраулар мен хабарламалардан сақ болуды ескертті.
Бұл оқиға көлемі бойынша елдегі соңғы дерек ұрлықтарынан да асып түсті. Бұған дейін SK Telecom компаниясында 23,24 миллион адамның дерегі тараған еді.
Еске сала кетейік, 2024 жылы маусымда 16 миллион қазақстандықтың жеке деректері интернетке шыққан. Вице-министр Досжан Мусалиевтің айтуынша, ақпарат сырттан бұзудан емес, деректері бар заңды аккаунттар арқылы тарауы мүмкін.