Билік

Нұртілеу Мұрат ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Нұртілеу Мұрат ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Мұрат Нұртілеу еліміздің премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды KazFace.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған. 1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі. 1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы атташесі. 

2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы. 2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі. 2007 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы. 

2007 жылы – Қазақстан Республикасының парламенті сенатының аппараты басшысының орынбасары. 2007-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы парламентінің сенаты аппаратының басшысы. 2011 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 2011 жылы – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры. 

2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл. 2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары. 2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы. 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі. 2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары. 2022 жылғы қаңтардан ақпанға дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 2022 жылғы 1 ақпаннан 2022 жылғы 26 қарашаға дейін Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болды. 2022 жылғы 26 қарашада мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болып қайта тағайындалды.