«Нұр-Сұлтан» вокзалының атауы өзгертіледі
Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА
Астананың екі теміржол станциясы бұрынғы атауларын қайтарады. Ескі вокзалдағы (Гете көшесі бойындағы) "Нұр-Сұлтан" станциясы "Астана" деп өзгереді, ал "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" межелі пункті тиісінше "Нұрлы жол" болады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бұндай шешім республикалық ономастикалық комиссия еліміздегі бірнеше станциялар мен разъездердің атауын өзгертуге оң қорытындысын берген соң қабылданды.
“Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, теміржол вокзалдары мен жолдар қайта аталсын. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, темір жол станциялары атауларының транскрипциясы өзгертілсін”, – делінген қаулы жобасында.
Еске сала кетейік, бұрын "Астана-1" деп аталған теміржол вокзалы 2019 жылдың сәуір айында елорда атауы ауысқаннан кейін бірден "Нұр-Сұлтан" деп өзгертілген.