Жұлдыздар өмірі

Шенеуніктер Димаш Құдайбергенмен кездесуге неге құмар?

Шенеуніктер Димаш Құдайбергенмен кездесуге неге құмар?

Әйгерім ШАЯХМЕТОВА

Кейінгі уақытта мемлекеттік ведомство басшылары мекеме имиджін арттыру  және жұмыстарын кең аудиторияға насихаттау мақсатында танымал тұлғалармен кездесу өткізуді дәстүрге айналдырып алды, деп жазды  KazFace.kz.

Мұндай әдіс-тәсілдің жиілеуі желі қолданушыларының ашуын тудыруда. Олар Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шенеуніктермен кездесуіне наразы.

Димаштың бұл белсенділігі тыңдармандарының ренішін тудырған. Бұлай деуімізге өнер иесінің жанкүйерлері жазған пікірлер себеп болып отыр.

«Димаштың бұл салаға не қатысы бар?!», «Димашты Үкімет жұмысына араластырмаңдаршы. Ол шығармашылық адамы, онсыз да уақыты тығыз», «Бұл кездесден оған не пайда?», «Бауырым, әніңді айтып, халықтың қуанышына бөленіп жүре берші», «Саясатқа араластырғандары дұрыс емес», «Димашқа тыныштық беріңдер!», «Әр саланы өз маманы атқарса екен» деп жазды ғаламторда әлеуметтік желі қолданушылары. Тіпті мұндай пікір жазғандар арасында Димаштың шетелдік тыңдармандары да бар.

Мәселен, бүгін ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы қымзметтің Төрағасымен кездесті. Тараптар өнердің қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда зор мәнге ие екенін атап өткен.

Ал 2022 жылдары сол кездегі Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те атақты әнші қабылдаған еді. Тіпті әнші «Болашақ» бағдарламасы бойынша грант иеленген. Алайда, бейресми деректерде сол кездегі көптің наразылығынан соң Димашқа ұсынылған грант кері қайтарылғаны жайында айтылған.

Бұл әншінің бірең-сараң шенеуніктермен кездесуінен алынған мысалдар ғана. Біздің назардан тыс қалған ресми және бейресми жүздесулер қаншама.