Әнші Алмас Кішкенбаев қамаудан шықты

Әйгерім ШАЯХМЕТОВА
Бүгін 15 тәулікке қамалған Алмас Кішкенбаев абақтыдан шықты, деп хабарлады kazface.kz.
Осы айдың басында Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, әншіні 15 тәулікке қамаған.
Екі апат бұрын әнші Алмас Кішкенбаевтың жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. 17 жастағы баланың айтуынша, шамамен 40 жастағы ер адам сыраға тапсырыс берген. Ол алкогольді алып, кейін курьерге бірге ішуді ұсынған. Мұнымен қоймай, сол кезде ер адам оқушының жыныс мүшесінен ұстап қалған. Осыдан кейін курьер үйіне барып, әкесіне бәрін болған оқиғаны айтқан. Өз кезегінде баланың ата-анасы құқық қорғау органдарына хабарласқан.
Кейін ер адамның танымал әнші — Алмас Кішкенбаев екені дүйім жұртқа белгілі болды.
Айта кетейік, 19 ақпан 18:00-де әнші қамаудан бетін тұмшалап алған қалпында шығып, журналистердің сұрағына жауап берместен көлікке мініп кеткен. Қап-қара киім киген Алмас Кішкенбаев изолятордан шығарда белгісіз адаммен телефон арқылы сөйлесіп тұрған.