Спорт әлемі
19-го июля 2023 г. 17:18
Қазақстандық спортшы Никита Чирюкин ұлттық құрама қоржынына алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды KazFace.kz
Ол жасөспірімдер арасында оқ атудан әлем чемпионы атанып отыр. 19 шілдеде Спортты дамыту дирекциясы хабарлағандай, атыс бойынша ұлттық құраманың мүшесі Никита Чирюкин Чанвон қаласында (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті. Кіші калибрлі тапаншадан 25 метрден атуда оған тең келер ешкім болмады.
Күміс медельді қытайлық Чжан Жихао иесленсе, қола медаль кореялық Сук Джин Хунға бұйырды.
Қоржында бір алтыны бар Қазақстан құрамасы жалпы есепте сегізінші орынға табан тіреді.
Чанвондағы әлем чемпионаты 25 шілдеде аяқталады. Биыл жарысқа 45 елден 600-ден астам спортшы қатысты.