Жаңалықтар

Netflix Оскар рәсіміндегі оқиғадан кейін Уилл Смит түсіп жатқан фильмді тоқтатты

Netflix Оскар рәсіміндегі оқиғадан кейін Уилл Смит түсіп жатқан фильмді тоқтатты
28 наурызда актер Уилл Смит әйелі Джада Пинкетт-Смиттің шаш үлгісін әжуалаған Оскар рәсімін жүргізуші, комикс Крис Рокты шапалақпен тартып жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы шулы оқиғадан кейін Netflix стриминг қызметі Уилл Смит басты рөлде ойнайтын Fast and loose фильмін түсіруді тоқтатты, деп хабарлайды Голливуд репортері.

Режиссер Дэвид Литч бұл фильмді ары қарай түсіруден бас тартып, тамыз айында көрермендерге жол тартуы тиіс Universal компаниясындағы Райан Гослингтің фильмімен айналысып кетті.

Netflix фильм актері мен режиссерін алмастыра ма, әлде жобаны мүлде тоқтатады ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.

Фильм өзіне жасалған шабуылдан кейін есін жоғалтқан қылмыстық топтың серкесі туралы шым-шытырман оқиғаны баяндайды. Бірте-бірте ол қылмыстық әлемінің адамы, сондай-ақ барлау агенттігінің тыңшысы ретінде де өмір сүргенін біледі.

28 наурызда актер Уилл Смит Оскар рәсімінде әйелі Джада Пинкетт-Смитті қатыстырып әзіл айтқан жүргізуші-комикс Крис Роктың жағынан шапалақпен тартып жіберді. Смиттің әйелі алопеция ауруымен зардап шегеді және оның шашы түсе бастаған.