Жаңалықтар

Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесіне өмір бойы төраға бола алмайды

Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесіне өмір бойы төраға бола алмайды

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сенаторлардың түзетулерімен келісті. Ол Назарбаевтың өмір бойы ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесіне төрағалығы болуға рұқсат беретін заңның күшін жоюды көздеді.

Мәжілісте «ҚР кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы қаралды. Құжатта Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесіндегі өмір бойы төрағалығын жою туралы түзетулер бар. Бұл ретте заң жобасына Сенатта тағы да өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, сенаторлар Елбасымен мемлекеттік бастамаларды үйлестіру қажеттілігін жоюды ұсынды. Осыдан кейін заң жобасы мақұлдау үшін Мәжіліске қайтарылды. Бүгін Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген түзетулерді қолдады.

Бұған дейін депутат Қанат Нұров атап өткендей, заң жобасында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» және «ҚР Қауіпсіздік Кеңесі туралы» конституциялық заңдарға қажетті барлық түзетулер қамтылған.

Осылайша, заң қабылданды деп есептеледі және ел Президентінің қол қоюына жіберілді.

Еске салсақ, Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өмір бойына басқару құқығын 2018 жылдың шілдесінде алды.

2022 жылғы 5 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесін басқарды.