Жаңалықтар

Мысықты баланың көзінше өлтірген адам 6 айға сотталды

Мысықты баланың көзінше өлтірген адам 6 айға сотталды

Алматы облысы Қонаев қаласындағы дүкен маңында мысықты өлтірген адам 6 айға сотталды. Жануарға қастандық баланың көзінше жасалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға қараша айында Қонаев қаласында орналасқан бір дүкеннің алдында болған. К есімді тұрғын жасөспірім баланың көзінше өзінің күшті екенін көрсетіп, қатыгездікпен жануарға соққы жасап, ізін суытқан. Соққы салдарынан жануар өліп қалған.

"Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, жасаған іс әрекетіне өкінетінін айтты. Сот үкімімен жоғарыда аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - деп хабарлайды Қонаев қалалық сотының баспасөз қызметі.