Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.
Мұхтар Тілеуберді 2019-2023 жылдар аралығында ҚР Сыртқы істер министрі қызметін атқарды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Ал Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Данат Өмірбайұлы Мұсаев қазіргі қызметіне қоса Қазақстанның Андорра Князьдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.