Мұхамеджан Тазабек көзін үлкейтіп алды
Қоғамда белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің көзін үлкейтіп, блефаропластика (қабақ пластикасы) жасатып алғаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды KazFace.kz.
Оған себеп ақынның Түркия президентінің ұлы Біләл Ердоғанмен түскен фотосын әлеуметтік желіге жариялауы. Желі қолданушылары айтыскердің бет-жүзіндегі өзгерісті бірден байқады.
“Өзгеріс жасаған дұрыс, халықтың алдында жүр”, “Көзін үлкейткен бе?”, “Енді қалғаны сіз едіңіз көз үлкейтпеген”, “Жасарып кеткендейсіз!”, “Қабақ жасатқансыз ба?”, – деп жарыса жазды.
Толассыз жауған сауалдарға Мұхамеджан Тазабек мән-жайды ашып, жауап берді.
- Біраз оқырманым “Қабақ жасаттыңыз ба? Блефаропластика ма?” деп сұрап жатыр. Жоқ көзімнің жарығына (грыжасына) ота жасаттым. Содан көзім тартылып, ашылыңқырап тұр. Қабақ тарту немесе басқа да эстетикалық ота емес. Уақыт өте келе көздің көруіне әсер ететін дүние. Әр нәрсенің алдын алған дұрыс деп ойлаймын, – деді ақын.
Еске сала кетейік, Мұхамеджан Тазабек қоғам қайраткері, айтыскер ақын, дінтанушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Asyl arna» ағартушылық телеарнасының негізін қалаушы және бас директоры.