Билік

Мұрат Әбенов: “Біз қабылдайтын заңдардың мәні неде?”

Мұрат Әбенов: “Біз қабылдайтын заңдардың мәні неде?”

Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА

Мәжілістің жалпы отырысы барысында депутат Мұрат Әбенов журналистің, сондай-ақ оның барлық туыстарының дербес деректері жария етілген жағдай туралы айтты. Депутат цифрлық даму министрлігінен істі қарастыруды талап етті,  деп хабарлайды KazFace.kz. 

"Бұрын менің қабылдауымда жеке деректері жария етілген журналист болған. Мен оның тегін атамаймын. Ол цифрландыру министрлігіне, содан кейін прокуратураға, ІІМ-не жүгінді. 15 жыл ішінде оның барлық жеке деректері, туыстары, жақындары, қандай көліктер сатып алғаны, пәтерлері туралы ақпарат жарияланды және бүгінде оған қоғамдық қысым жасалуда", - деді Әбенов.

Депутаттың айтуынша, бұл қылмыстық іс екі рет тоқтатылған және тергеу әлі де ашық. 

"Біз ештеңеге жауап бермейміз деді. Бірақ бұл деректерді ХҚКО құрылымында ғана алуға болады. Тергеу әлі де ашық. Министрлік бұған ешқандай қатысымыз жоқ деп жауап береді, сонда кім жауап беруі керек? Біз қабылдайтын заңдардың мәні неде? Егер сіздер оларды пайдаланбасаңыздар" - деп сұрақ қойды мәжілісмен.

Цифрлық даму министрлігі журналистің ісін бақылауға алатынын айтты. 

"Егер сіз журналист туралы ақпарат берсеңіз, біз оны тексереміз. Мұндай шағымдардың түсуі бойынша біз әдетте сол фактілер бойынша әкімшілік іс қозғаймыз. Ал қазір біз шағымдар аясында ғана әрекет ете аламыз", - деп түсіндірді цифрлық министрлік.

Айта кету керек, журналист Гүлбану Әбенова Facebook парақшасында 8 қыркүйек күні ҚР цифрлық даму министрлігіне өтініш жолдағаны туралы пост жазған. Журналисттің айтуынша, вице-министр Малик Олжабеков оны қабыл алған. Алайда, мәжілістің жалпы отырысында бұл оқиға туралы ештеңе естімеген, көрмеген адам сияқты болып отыр. Бір айдай уақыт өтті, осы уақыт ішінде әлі өтінішіне жауап келмегеніне журналист наразылығын білдірді.