Министр диплом саудасына байланысты пікір білдірді
Ғаламтор желісінде дипломдық жұмыстардың саудасы қызып тұр. Бұл туралы БАҚ өкілдері әлеуметтік желіде «ақшаға дипломдық жұмыс жазып береміз» деген хабарландырулар жиі тарайтынын айтып, вице-министрге сұрақ жолдады. Алайда бұл мәселеге қатысты Қуаныш Ерғалиев мардымды жауап қайтара алмады, деп хабарлайды KazFace.kz
Жастар арасында диплом жұмыстарын алып-сатумен айналысу қалыпты жағдай. Бірақ та оның қаншалықты заңды екенін немесе заңсыз екенін Қуаныш Ерғалиев кесіп айтқан жоқ. Оны тиісті құқық қорғау органдары анықтау керегін жеткізді.
Маған ондай жарнама шықпайды. Егер ондай фактілер болса, бізге жіберіңіз, қарап көреміз.
Бірақ сөз алаяқтық туралы болса, тиісті құқық қорғау органдарына шағымдану керек және олар оның қаншалықты заңды әрі дұрыс екенін анықтау керек. Біз Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан академиялық адалдық қағидатын насихаттаймыз, жоғары оқу орындарда аталған қағидаттарды бұзуды анықтау механизмдері, антиплагиат жүйесі бар, - деді вице-министр.