Жұлдыздар өмірі

Мейрамбек Беспаев үшінші мәрте әке атанды

Мейрамбек Беспаев  үшінші мәрте әке атанды

"МузАрт" тобының негізін қалаушы және солисті Мейрамбек Беспаевтың отбасында дүбірлі той. Бүгін, әншінің үшінші рет әке атанғаны белгілі болды, деп хабарлайды Kazface.kz.

Сүйінші жаңалықпен танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желі паақшасына жазып, бөлісті

“Алла ұлық! Жаратқан иемізге шексіз шүкірлер мен сансыз мақтаулар болсын! Мейрамбек пен Мархабат Әбіләшім әкеміз бен Жібек анамызға тағы бір немере сыйлады! Балапанымыздың бауы берік болсын! Саналы, иманды, білімді болып өссін. Сіздерге де жұғысты болсын, жақсыларым!”, – деп жазды әнші.

Айта кетейік, Мейрамбек Беспаев бір ұл және бір қыз тәрбиелеуде.