Билік

Мерекелік шеру Байқоңырда өтеді

Мерекелік шеру Байқоңырда өтеді
Байқоңыр қаласының әкімдігі Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналған салтанатты жиынның бағдарламасын жариялады, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бүкіл Қазақстан мамырдағы атаулы мерекелерді су тасқынына байланысты тойламайды. Тіпті, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі мемлекет бюджетін үнемдеу керектігін айтқан болатын. 

Бұл туралы Қазақстан Қорғаныс министрлігі де ресми мәлімдеген.
Қазақстанда 2024 жылы әскери парад өткізу бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбайды,-деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ал, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің ресми сайтында мамыр мерекесіне арналған шаралар тізімі жарияланған. Бұл тізімде 9 мамырда сағат 10:00-де қаладағы Ленин алаңында Жеңіс шеруі өтетіні жазылған.

Жалпы, Байқаңырда 70 мыңнан астам адам тұрады. Басым бөлігі Қазақстан азаматтары. Бұлай деу себебіміз, 2050 жылға дейін "Байқоңыр" кешенінің бір бөлігі Ресейге жалға берілген. Сол үшін олар Қазақстанға жыл сайын 115 миллион доллар төлейді. Дегенмен, Байқоңыр қазіргі таңда Ресей федерациясының федералдық маңызы бар қаласына сәйкес мәртебеге ие.

Еске сала кетейік, Қазақстанда соңғы әскери шеру 2018 жылы өткен. Бірақ Ұлы Жеңістің 80 жылдығын кең көлемде атап өтуге дайындық бастауды мемлекет басшысы тапсырған болатын.