Сұхбат KazFace.kz

«Мені Зәкеңнің қызы пышақтады» - Мақпал Жүнісова

«Мені Зәкеңнің қызы пышақтады» - Мақпал Жүнісова

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісованың айналасында алып қашпа әңгіме көбейді. Барлығы оның мас күйінде түсірген видеосынан басталды. Әнші желіге мұңын шағып, күрсінген видео жүктеген еді, оның салдары хейтерлер мен тыңдармандардың түрлі әңгіме таратып, даттап әрі жақтауына алып келді. Біздің тілшіміз Мақпал Жүнісованың жақында журналист Дина Төлепбергенге берген сұқбатынан үзік сырларын ақтарды.

Әнші сұқбатта көп мақтамаңыздар! білмесеңіздер даттамаңыздар деп өзінің позициясын анық айқындады. Оның айтуынша қазір тозығы жеткен баспанасын ешкімге сатпай, қайта жөндеу жасап, жаңартып жатыр екен.

«Зәкеңнің туған елінде мұражай сияқты бір ғимарат ашады деп естідім. Барлық заттарын сол жаққа тапсырып жатырмыз. Біразын беріп жібердім. Кітаптары мен аудармалары бір бөлме. Аударма кітабының презентациясын жасаймын деп отырған кезде өмірден озған еді. Осы үйде Мерейді ұзатамыз деген сөзін барлығы біледі. Туыстар мен жақындары да. Мен қазір Мерейді ұзатамын деп сол үйді сақтап отырмын», - деді өнер иесі.

Мақпал Жүнісова 1991 жылы  Заманбек Нұрқаділовпен көңіл қосқан. Бірақ онымен заңды түрде отасудан бас тартып, тек 1998 жылы ғана ресми неке қиған. Екеуінің көп уақыт баласы болмағасын, ағайын бауырдың үшінші қызын бауырларына басты. Атын Мерей қойып, екеуі  алақандарында аялаған. Бірақ, арнайы жоспарлап, бауырдың баласын алып қою ойда болмағанын айтты әнші.

«Ана қыз келгеннен кейін өміріміз керемет болып кетті. Өзім туғандай болдым. Зәкеңде жұмыстан келе сала, онымен ойнап, мойнына салып жүретін. Ешкі сатып алып, соның сүтімен асырадым. Қарап тұрсаңыз Мерей сол жақтан гөрі Зәкеңе көбірек ұқсайды. Өзіміздің қыз сияқты. Шындықтың бетін мен не үшін аштым. Зәкең  айтатын он сегізге келгенде Мерейге өзім айтамын деп. Мен 18-19 келгенде айта алмадым.   20 жасында  бірақ айттым. Сол кезде ол өзгелердің руын айтқанда сен не деп жауап бердің дегенде албанмын дейтін. Сол кезде мен шындықты айтуға бел будым. Себебі өзінің шыққан тегін, руын дұрыс білуі керек. Ертең күйеуге шыққанда дұрыс болмас деп ойладым» деп еске алды Мақпал Жүнісова.

Заманбек Нұрқаділовтің Мақпал Жүнісоваға дейін отыз жылға жуық отасқан отбасы болған. Қайрат және Құралай есімді екі бала сүйген. Жұбайы Нұрбике Нұрқаділова осы жылы қараша айында көз жұмды. Балалары әкесінің көзі тірісінде мүлдем араласпаған. Мерейді іздеп, келмеген екен. Қызы Құралай Заманбекқызы қазір Қазақстанға аты белгілі дизайнер, суретші, стилист. Өзінің «Құралай» атты сән үйі бар.

«Құралай пышақ салған маған. Концерттің алдында пышақтап кеткен. Республика сарайының жанында. «Вечерний Алматы» деген газетке шыққан еді. Нұрқаділовтің қызы деп жазған еді. Қолымды жаралап, тамырдың тұсынан пышақ салған. Мені ауруханаға алып кеткен кезде олар полицияға арыз берген екен. Сосын маған түнгі сағат бірде Зәкеңнің көмекшісінен хат келді. Ол жерде Зәкең милицияға оның қызы деп жазбасыншы ертең Президентке дейін жетеді деген өтініш хаты келді маған. Сол кезде аман қалдық қой деп Зәкеңді құрметтеп, сыйлағандықтан оның қызы емес деп жаздым. Жанымда отырған Марал деген сіңілім  маған айғайлады. Есің дұрыспа деп? Ертең келіп сені өлтіріп кетсе, кім жауап береді деп ашуланды. Мен қой дардай азаматтың атына кір келтірмейін, халыққа қаншама жақсылық жасап жатыр деп бұл істі жылы жаба салайық дедім. Маған пышақ салған бұзық жастар деп жаздым милицияға. Сөйтіп оны кешірген едім. Ал, ол оны түсінді ма?» деп сырымен бөлісті әнші.

Он жылдан астам уақыт отасқан жан жары Заманбек Нұрқаділов өкінішке орай 2005 жылы белгісіз себептермен көз жұмған. Ол Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды. Қазірде әншінің жұбайы түсіне бірде күліп, бірде асығыс күйінде кіреді екен. Мақпал Жүнісова оның рухы тынышталмай, өзін өзі атты деген жалған атаққа қалғанына күйінеді. Оны өлтірген адамның кім екені әлі белгісіз. Бұл сұрақ ашылмай, оның жаны рахат таппас деген ойда әнші.

Мақпал қарапайым көпбалалы отбасыда дүниеге келген. Әкесі шопыр анасы бала күтімінде. Көзі тірісінде тоғыз баласына үй салып, баспаналы қылған әкесіне әнші ризашылығын білдірді.

«Әкем болашағыма үлкен үміт артты. Мені Алматыға алып келген әкем еді. Ол маған үлкен үміт артып маған сенен үлкен әнші шығады саған сенемін деді. Алдымыздағы апаларымызға қарап өстік. Сол кісілерге ұқсағымыз келді. Мен Роза Бағланова апамызды өте қатты жақсы көрдім. Кейінде сол кісімен кездесіп қазақ концертте бірге қызметтес болдым. Ол кісінің мысы басып, аяқ қолым дірілдегені де бар. Роза апам кейін маған өз қызындай қарап, жақсы қарайтын. Сахнада жүріп тұруды үйретіп өзі үйреткен еді. Саханның мәдениетін қалай ұстау керектігін көрсетті. Мерейдің тұсауын Бибігүл апамыз екеуі бірге кескен еді. Республика сарайында екі ұлы адам кесті» деді қазақ эстрадасының жарық жұлдызы.

Әнші бар жиған тергенін, дүние мүлкін жақындарынан аямай, тойларын көтеріп келеді. Өзі жайлы жаман пікір жазған оқырмандары мен тыңдармандарына да еш өкпесі жоқ екенін айтты. Ол өзін шын жүректен жақсы көретін тыңдармандары бар екеніне сенеді. Сол тыңдармандар пейілі оны жер басып жүруіне күш береді екен. Қазірде алпыс жастан асқан әнші заңды түрде еңбек демалысына шығуды жоспарлап жүр.

«Мен заңды түрде зейнетке шығамын деп шешім қабылдадым. Қазір жасымыз келгенін осы жақында берген концертімде сездім. Шаршаңқырап қалған сияқтымын. Текстен жаңыла бастадым. Сахнада сөзімді ұмытып ұятты болғам. Жас келе ұмытшақтың басым болып бара жатыр. Қазір кәдімгідей зейнетке шығып, тек өздері анрайы шақырған жерлерге барып тұрамын деп шештім. Біз тапқан табысымызды қазақконцертке беріп тұратын едік. Сол жердің әншісі болғасын. Ол жерге тәуелдіміз. Олардан үш жүз жиырма мың теңге аламыз. Таза қолға екі жүз алпыс мың теңге түседі. Бұл ақшаға мен шыны керек күн көре алмаймын. Сондықтан біз тойдың арқасында күн көреміз. Ол жерде де той иелерінің жағдайына қарай бағаланады» деп жаңалығын айтты әнші.

Қазақтың күміскөмей әншісі, бұлбұл қызының өнерін тамсана жақсы көретін тыңдарман санының қарасы қалың. Оның қазіргі күндегі концерттеріне келетін адамдар  еш азаймаған. Халықтың шынайы қошеміне бөленген ерке қызы Мақпал Жүнісованың есімі  қазақ сахнасының тарихында қалары анық.